MMA
21 маусым 2022 00:05

Исмағұловтан таяқ жеген Кутателадзе мәлімдеме жасады

©fansided

Швецияның намысын қорғайтын, шыққан тегі грузин Гурам Кутателадзе UFC on ESPN 37 турнирінде Дамир Исмағұловтан жеңілген соң UFC промоушеніне қарата мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Не айтам... Әлі де үйренерім көп. Жекпе-жектің тағдырын төрешілердің қолына қалдыруға болмайды екен. Мен үшін алаңдаған отбасым мен командама алғысымды айтамын. Қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет! Егер UFC маған октагонға шығуға қайта мүмкіндік берсе кез-келген уақытта оралуға дайынмын. 22 қазан Абу-Дабидегі турнирде айқас өткізуіме қалай қарайсыздар?, - деп жазды Кутателадзе инстаграм парақшасында.

Еске салайық, Остиндегі (Техас, АҚШ) айқаста Исмағұлов швециялық қарсыласынан басым түсіп, америкалық промоушендегі бесінші жеңісін тойлады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport