Единоборства
6 қаңтар 09:36
 

Ислам Махачев Рахмоновты UFC чемпионы атану мүмкіндігінен айырмақ

  Пікірлер

blog.share

Ислам Махачев Рахмоновты UFC чемпионы атану мүмкіндігінен айырмақ ©Global Look Press

Жеңіл салмақта UFC чемпионы дағыстандық Ислам Махачев армениялық Арман Царукянмен жекпе-жектен кейін не істейтінін айтты. 

blog.share

Жеңіл салмақта UFC чемпионы дағыстандық Ислам Махачев армениялық Арман Царукянмен жекпе-жектен кейін не істейтінін айтты. 

Ислам Махачев енді жоғары салмқата үстемдік етуді ойлап отыр

Махачевтің сөзінше, бұл жекпе-жектегі жеңістен кейін ол басқа салмаққа өтпек. Атап айтқанда жартылай орта дивизионға көтеріліп, қазіргі чемпион Белал Мухаммадпен айқас өткізуі мүмкін. Ал бұл салмақта белбеуге басты үміткер қазіргі таңда қазақстандық Шавкат Рахмонов екенін айта кетейік.

"Арманды жеңсем, онда... білмеймін. Қармыта жекпе-жектер өткізуден жалықтым. Екінші белбеу алғым келеді. Жартылай орта салмақта Белал Мухаммад және өзгеде жақсы файтерлер бар. Көреміз", - деп береді Махачевтің сөзін UFC ұйымының баспасөз қызметі.

Бұл екі файтердің екінші рет айқасуы болады 

Еске салайық, Махачев - Царукян кездесуі 19 қаңтар Лос-Анджелестегі UFC 311 турнирінде өтеді. Бұл олардың екінші рет жұдырықтасуы болады. 2019 жылы сәуірде өткен бірінші жекпе-жекте Ислам төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен еді. 

Рахмонов болса 8 желтоқсан Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде Мухаммадпен жұдырықтасуы керек еді. Бірақ чемпион денсаулығына байланысты айқасудан бас тартты. Ал оның орнына сегізбұрышқа ирландиялық Иэн Гэрри шығып, Шавкаттан жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!