Ол ұтыс тіккені жайлы Instagram желісіндегі "сторизде" жариялады. Осылайша ол 40 секундта бір миллион долларынан айырылды.
АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирінің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасқан. Ирландиялық файтер қарсыласын 40 секундта жеңген болатын. Жекпе-жектен соң Серроне ауруханаға түскен еді.
Айта кетейік, Серроне осымен қатарынан үшінші рет жеңілді. 2019 жылы ол Тони Фергюсоннан жеңілген, ал қыркүйекте Джастин Гэтжи "ковбойды" нокаутқа түсірді. Америкалық файтер UFC промоушенінде 34 жекпе-жек өткізген, оның 23-інде жеңіске жеткен.
Турнир аяқталған соң UFC басшысы Дана Уайт МакГрегордың келесі қарсыласы 19 сәуірде Нью-Йоркте жоспарланған жеңіл салмақтағы ұйым чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болатынын айтты.