Инсайдер Рахмоновтың UFC чемпионымен айқасудан бас тартқанын айтады
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) сәуірде өтетін UFC 300 тунирінде жартылай орта салмақ чемпионы Леон Эдвардспен (22-3) жекпе-жекке шығудан бас тартыпты деген қауесет тарады, деп жазады Vesti.kz.

Бұл туралы белгілі инсайдер Ариэль Хельвани мәлімдеді. Оның сөзінше, Эдвардспен жұдырықтасудан Хамзат Чимаев (13-0) пен Ислам Махачев (25-1) те бас тартыпты.
"Эдвардспен жекпе-жекке шығу ұсынысы Хамзат (Чимаев), Шавкат (Рахмонов) және Исламға (Махачев) айтылған дейді. Леон бәріне келісіпті. Нақты есімдерді атаған жоқ, бірақ маған сеніңіздер", - дейді Хельвани The MMA Hour эфирінде.
Жарнама