Хамзат Чимаев пен Кевин Холланд айқасы бірінші раундта аяқталды

Швеция намысын қорғайтын ұлты шешен файтер Хамзат Чимаев (12-0) UFC промоушеніндегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC 279 турнирінде ол америкалық Кевин Холландтан (23-8-0-1) басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Аталмыш кештегі басты айқастардың бірінде Чимаев бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Осылайша, Хамзат барлық 12 жекпе-жегінде қарсыластарына есе жібермеді. Холланд болса карьерасында 8 рет жеңіліс тауып отыр.
Еске салайық, алғашында Чимаев кештің басты айқасын америкалық Нейт Диаспен (20-13) өткізуі тиіс еді. Өз кезегінде Холланд белгілі файтер Даниэль Родригеспен (16-2) шығуы керек болған. Алайда швециялық спортшы салмақ өлшеу рәсімінінен (ред. 3,5 келі салмақты түсіріп үлгермеді) өте алмады. Нәтижесінде UFC президенті қысқа уақытта Чимаевқа басқа қарсылас тауып берді.
Жарнама