Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов (20-6-1) октогонға 2021 жылы ғана оралады. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында хабарлады.
Хамитов келесі кездесуін 7-қаңтар күні Магнитогорск қаласында өтетін Fight Nights турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Магомедов (12-3) болады.
Негізі Хамитов алдағы айқасын желтоқсан айында осы Магнитагорск қаласында өткізетінін мәлімдеген еді. Бірақ бұл жекпе-жек кеші кейінге шегеріліпті.
Айта кетейік, отандасымыз өзінің соңғы кездесуін қыркүйек айында, Fight Nights Global турнирінде өткізді. Хамитов бұл кеште ресейлік Ахмад-Хан Боковты жеңді.
MMA
12 қараша 2020 16:01
Хамитовтің келесі қарсыласы белгілі. Бірақ оның жекпе-жегі кейінге қалдырылып отыр

Қуат Хамитов. Сурет: Fight Nights©