Хабиб Нурмагомедовтің немере ағайынды інілері онымен бірге бір турнирде айқасатын болады. Бұл туралы жеңіл салмақта UFC чемпионы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды .
Омар мен Абубакар Нурмагомедовтар UFC 254 турнирінің кардында жекпе-жекке шығады. Айта кетейік, осы кештің басты кездесуінде Хабиб уақытша чемпион Джастин Гэтжиға қарсы өнер көрсететін болады.
Әзірге жекпе-жектің қайда өтетіні белгісіз. Болжаммен жекпе-жек Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді. Кездесу 24 қазанға жоспарланған.
Айта кетейік, Хабиб үшін бұл былтыр қыркүйектен кейінгі бірінші жекпе-жегі, ол кезде ресейлік файтер Дастин Порьені мерзімінен бұрын жеңген еді.