Хабибтің лигасындағы қазақстандық файтердің қарсыласы ауысты

Ақтау қаласында Naiza FC мен Eagle FC промоушендері бірігіп ұйымдастыратын турнирде қазақстандық файтер Игорь Свиридтің (18-10) қарсыласы ауысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ақтау қаласында Naiza FC мен Eagle FC промоушендері бірігіп ұйымдастыратын турнирде қазақстандық файтер Игорь Свиридтің (18-10) қарсыласы ауысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әу баста Свиридтің қарсыласы ресейлік Артур Гусейнов (25-11) болуы керек еді. Бірақ UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке тиесілі ресейлік ұйым файтердің ауысқаны туралы хабарлады.
"Артур Гусейнов жарақатына байланысты EagleFC48 турниріне қатыспайды. Оның орнына Игорь Свиридпен Шамиль Магомедов (9-0) кездеседі", - делінген хабарламада.
Жарнама