Хабиб Нурмагомедовтің Eagle FC лигасы "Жирен Тарзан" лақап атты Вячеслав Дацикпен келісмшарт жасауға ниетті, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Оның жекпе-жектерін тамашалаймын. Бұрын ұнамайтын, ал қазір өзін адекват ұстайды... Иә, оны біздің лигаға тартуға болады. Ауыр салмақта бізде бәсекелстік жоғары. Оған қарсылас ретінде Дайнеко бар.
Дацик - Гусейнов? Ол да қызықты. Жақсы айқас боалды.
Дацик пен Харитонов? Харитоновпен ұзақ мерзімді келесімшартымыз жоқ. Егер екеуін де қызықтыра алсақ, неге болмасқа?" - дейді Eagle FC басшысы шамиль Завуров.