Единоборства
19 қазан 2020 10:29

Хабибтің қазақстандық спортшымен жекпе-жекке шығу керек болған інісі ауруханаға түсіп қалды

Сурет: AllBoxing
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Дубайда ауруханаға түсіп қалған інісі Умар Нурмагомедовтың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Чемпионат".


Умар Нурмагомедов 24 қазанда өтетін UFC турнирінде қазақстандық Сергей Морозовпен жұдырықтасу керек болатын. Ал осы шоудың басты жекпе-жегінде Хабиб америкалық Джастин Гэтжимен жекпе-жекке шығады. 

"Кейінгі бірнеше күн Умар қонақүйде стафилококк инфекциясынан қызуы көтеріліп жатты. Бірақ соған қарамастан, оның өзі және бүкіл команда Умар 24 қазанда шаршы алаңға шығарына сенімді едік. Бүгін таңғысын Абу-Дабиге ұшар алдында оның жағдайы нашарлап кетті де, ол Дубайда ауруханаға жатқызылды. Сауығып кет, інім. Бұйрық солай болған ғой", - деп жазыпты Хабиб Instagram желісінде.