Единоборства
26 желтоқсан 2019 09:42

Хабибтің қатысуымен өткен турнирде қазақ файтер GFC чемпионы атағын жеңіп алды

Сурет: Vesti.kz. Әлихан Сариев©
Қазақстандық ММА файтері Дәурен Ермеков орта салмақта Gorilla Fighting Championship лигасының уақытша чемпионы титулын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақ спортшының ресейлік Артур Гусейновқа қарсы жекпе-жегі Алматыда өткен GFC 23 турнирінің басты кездесуі болды. 

Ермеков о баста бұл кездесуде басым болады деп есептелген, дегенмен, ресейлік спортшы айтарлықтай қарсылық көрсетті. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан Ермековке берді - 30:28, 30:27, 30:27.

Еске салайық, Алматыда өткен турнирдің құрметті қонағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов болды. 













Сурет: Vesti.kz. Әлихан Сариев©