Единоборства
16 мамыр 2021 16:28

Хабибтің чемпиондық белбеуін иеленген спортшы UFC рекордын орнатты

Сурет: Newsmma.net

Жеңіл салмқата UFC чемпионы атанған бразилиялық файтер Чарльз Оливейра промоушен рекордын орнатты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Спортшы титулды жеңіп алу үшін 28 жекпе-жек өткізген. Ал мұның алдында UFC титулын жеңіп алу үшін ең көп айқас өткізген орта салмақтағы Майкл Биспинг болған екен. 

Еске салайық, бұрын Хабиб Нурмагомедовке тиесілі болған титул Оливейра мен америкалық Майкл Чендлер жекпе-жегінде сарапқа салынды. Бразилиялық бұл айқаста екінші раундта жеңіске жетті.