Единоборства
4 қыркүйек 2020 15:03

Хабибтің бапкері Конормен реванш өтетініне сенімді екенін айтты

Сурет: UFC©
Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы Хабиб нурмагомедовтің бапкері Хавьер Мендес ресейлік спортшы мен ұйымның екі салмақта чемпионы болған Конор МакГрегор арасындағы үшінші кездесудің өтетінін айтты. 

"Егер Конордың төбелескісі келетін болса, бұл кездесуді неге ұйықтастырмаққа? Хабиб чемпион ғой. Олар осындай ірі жекпе-жектен жақсы ақша табады. 

Барлығы бұл кездесуді асыға күтіп жүр. Ақша төлеуге де дайын. Сондықтан да UFC бұл кездесуді ұйымдастырады", - деді Мендес Daily Express басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, МакГрегор мен Нурмагодов арасындағы кездесу 2018 жылдың қазан айында өтті. Ол кездесу ресейлік спортшының пайдасына аяқталды. Бұл кездесуде Хабиб бірінші рет чемпиондық белбеуін қорғады. Кездесуден кейін екі спортшының  командасы төбелесіп қалып еді. 

7 маусым күні ирландиялық спортшы үшінші рет карьерасын аяқтайтыны туралы хабарлады. Ал Нурмагомедов болса өзінің келесі кездесуін 24 қазан күні Абу-Даби қаласында америкалық Джастин Гэтжиге қарсы өткізеді.