MMA
30 қараша 2021 20:52
 

Хабиб Нурмагомедов UFC ұйымына ешқашан қайта оралмайтынын мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

Хабиб Нурмагомедов UFC ұйымына ешқашан қайта оралмайтынын мәлімдеді ©UFC

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов енді ешқашан жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов енді ешқашан жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Оливейра мен Порье арасындағы айқастың нәтижесі мені UFC ұйымына қайта оралуыма себеп бола ма? Жоқ. Шынымды айтайын, жоқ. Ешкім де, ешнәрсе де мені қайта кездесу өткізуіме себепші бола алмайды. Бұл ұйымда чемпион болуы керек біздің спортшы бар. Оның есімі - Ислам Махачев. Ол чемпиондық белбеуді Дағыстанға алып келу керек. Келер жылдың соңында чемпиондық белбеу бізге қайта келеді", - деді Нурмагомедов ESPN арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, 32 жастағы Нурмагомедов соңғы кездесуін 2020 жылдың қазан айында өткізіп, UFC 254 турнирінде джастин Гэтжиді сабмишн әдісімен жеңді. Сол кездесуден кейін ресейлік спортшы карьерасын аяқтайтынын хабарлады. Жалпы Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!