Единоборства
30 қаңтар 2019 12:39
 

Хабиб Нурмагомедов UFC-де жұдырықтасудан бас тартты

  Пікірлер

blog.share

Хабиб Нурмагомедов UFC-де жұдырықтасудан бас тартты © REUTERS

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өз командасындағы Абубакар Нурмагомедов пен Зубайра Тухуговтың спорттан шеттетілу шарасы тоқтатылмайынша, промоушнде өнер көрсетуден бас тартты. Бұл туралы ресейліктің менеджері Ризван Магомедов мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

blog.share

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өз командасындағы Абубакар Нурмагомедов пен Зубайра Тухуговтың спорттан шеттетілу шарасы тоқтатылмайынша, промоушнде өнер көрсетуден бас тартты. Бұл туралы ресейліктің менеджері Ризван Магомедов мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) оны тоғыз айға дисквалификациялаған, оның үстіне 500 мың доллар айыппұл салды, ал оның командаластарын 12 айға спорттан шеттетіп, 25 мың доллардан айыппұл салған. 

Ал егер Нурмагомедов арнайы "бұзақылыққа қарсы" үндеу жасаса шеттету мерзімі үш айға қысқаруы мүмкін екен. Конор МакГрегор болса жарты жылға шеттетілді. Невада штатының Атлеттер комиссиясының шешімі бойынша ол 50 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді. 

"Хабиб Абубакар мен Зубайра спорттан шеттетілген уақытта ұйымда өнер көрсетпейді. Әлеуметтік роликке қатысты айтар болсам, біз ондай видео көрмейтін шығармыз", - деді Магомедов.

Спорттан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың қазанынан басталады. 

Сонымен қатар, Нурмагомедов өз отандастарының айыппұлдарын өзі төлеп беретін болды. Бұл туралы UFC чемпионның менеджері Аль Абдель-Азиз мәлімдеді. Оның айтуынша, ресейлік файтер өзінің айыппұлын төлеп, тағы 200 мың долларды адвокаттар қызметі үшін береді. Осы даудан келген шығын - 750 мың доллар болады екен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Разбудите меня, когда все это закончится. Wake me up, when it's all over.

Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov)

Нурмагомедов пен пен МакГрегордың кездесуі 6 қазанда Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінің басты оқиғасы болған. Ресейлік ирландиялықты төртінші раундта қылғындырып, берілуге мәжбүр еткен, осылайша ол өз титулын қорғап қалды.

Ал кездесу аяқтала сала Нурмагомедов октагон қоршауынан секіріп өтіп, МакГрегордың спарринг-серіктесіне жұдырық ала жүгірген, мұның арты спортшылардың командаларының арасындағы жаппай төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан ресейлік октагоннан белбеусіз кетті, ал жеңісі үшін берілуі тиіс болған 2 миллион доллар гонорары кейінге қалған.

Жарнама

Живи спортом!