Единоборства
9 наурыз 2020 12:49
 

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор Twitter желісінде жанжалдасты

  Пікірлер

blog.share

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор Twitter желісінде жанжалдасты

UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық файтер Конор Макгрегор Twitter желісінде бірін-бірі келмеждеді.

blog.share

UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық файтер Конор Макгрегор Twitter желісінде бірін-бірі келмеждеді.

31 жастағы МакГрегор Нурмагомедовтің бала кездегі досы Ислам Махачевті "нақұрыс әрі стероидты алаяқ" деп жазғаннан кейін, жанжал басталды. 

"Бұл жігіт соққылардан қашып, жекпе-жектің сәнін кетіреді. Енді міне әйелдер арасында өткен ММА ұлы жекпе-жегін құрметтемей отыр", - деді МакГрегор UFC 248 турнирі аясында өткен қытайлық Вейли Чжанг пен польшалық Йоанна Йенджейчик арасындағы кездесуді меңзеп.

Осыған дейін 8 наурызда Махачев ММА-ны "әйелдер ісі емес" деген еді. Спортшы Twitter желісіндегі парақшасындағы жазбасын өшіріп тастады, алайда әлеуметтік желіде осы жазбаның скриншоты тарап кетті. 

Осыған жауап ретінде Нурмагомедов өз аккаунтында МакГрегормен өткен кездесуден ирландиялыққа қарсы тәсіл жасап жатқан жерінен сурет жариялап, сипаттамасында "Көмектесіңіздер" деп жазды.

Ирландиялық та көп күттірмей Twitter желісіндегі парақшасында оның 2018 жылы UFC турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған видеодан үзінді жариялады. Онда Нурмагомедовте бар. Сурет сипаттамасында МакГрегор "Көше төбелесі" деп жазды. Осылайша ирландиялық файтер ресейліктің көше төбелесіне жиі қатысқаны туралы айтқанын меңзеген секілді. 

"Осыны өз ұлыңа көрсет те, көше төбелесінде қандай мықты екеніңді айт", - деді Хабиб. Ол Желіде ирландиялықтың пабта егде жастағы ер адамның бетінен ұрған видеосын жариялады. Қарт адам ирландиялық файтердің виски брендін ішуден бас тартқан болуы мүмкін.  

2018 жылы Нурмагомедов МакГрегорды жеңді. Ресейлік файтердің келесі қарсыласы Тони Фергюсон, олар 18 сәуірде Нью-Йоркте айқасады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Жарнама

Живи спортом!