UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақта ұйым чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен ұйымның екі салмақта бұрынғы чемпионы Конор МакГрегорге бір реалити-шоуға қатысу туралы ұсыныс жасады. Бірақ дағыстандық спортшы бұл ұсыныстан бірден бас тартты. Бұл туралы спортшының менеджері Али Абдель-Азиз айтты.
"Дана Уайт маған қоңырау шалып: "Али, Хабиб Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін Конормен бірге ESPN арнасының The Ultimate Fighter шоуына қатысуына қалай қарайсың", - деді. Бірақ Хабиб келіспеді. Хабиб маған: Ол (МакГрегор) - қоқыс деді", - деп келтіреді Абдель-Азиздің сөзін TMZ порталы.
Еске салайық, 2018 жылдың қазан айында Нурмагомедов пен МакГрегор UFC-де кездесіп, ресейлік спортшы жеңіске жеткен еді.
Енді Нурмагомедов келесі кездесуін 24 қазан күні Абу-Даби қаласындағы Жауынгерлер аралында амеиркалық Джастин Гэтжиге қарсы өткізеді. Ал МакГрегор болса үшінші рет карьерасын аяқтағанын айтты бұған дейін.