MMA
9 қазан 2017 11:26
 
Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін Эдсон Барбозамен өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін Эдсон Барбозамен өткізуі мүмкін

Ережесі жекпе-жек өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін желтоқсан айында бразилиялық Эдсон Барбозамен кездесуі ықтимал. Бұл туралы спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедов айтты, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. 

"Біз қазіргі уақытта Хабиб үшін төрт қарсыласты қарастырып отырмыз. Олар - Макгрегор, Фергюсон, Диас және Барбоза. Шамамен Хабиб бұлардың ішінде Эдсонмен кездесетін шығар. МакГрегор Хабибпен кездескісі келіп жүр. Ал Фергюссон болса, жекпе-жектен қашып жүр. 

Барбозамен жекпе-жек біз үшін жоқтан бар. Дегенмен де ол өте қарымды қарсылас. Кевин Ли секілді аса танымал емес, бірақ рейтингде одан жоғары тұр. Сондықтан да бұл кездесуде көп жанкүйер жинауға болады. 

Хабибтің келесі кездесуін Эдсон Барбозамен өтетініне 55 пайыз сенімдімін. Кездесу желтоқсан айында өтуі керек", - дейді Абдулманап Нурмагомедов.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов ережесі жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін ресейлік спортшы өткен жылдың қараша айында UFC 205 турнирінде Майкл Джонсонға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Содан кейін ол 4 сәуір күні америкалық Тони Фергюсонмен кездесуі керек еді. Алайда жекпе-жекке бір күн қалғанда ресейлік спортшы емхана түсіп, кездесу өтпейтін болды.

Жарнама

Живи спортом!