MMA
13 қыркүйек 2020 15:31

Хабиб Нурмагомедов карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Сурет: instagram.com/khabib_nurmagomedov©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жектегі карьерасын қашан аяқтайтынын айтты. Ол қазақ айында америкалық Джастин Гэтжиге қарсы кездесуде чемпиондық белбеуін қорғайды. 

"Карьераңды қашан аяқтайсың?", - деген сұрақтар көп келеді. Елдің менің жеңістерімнен шаршағанын түсінемін. Олар жаңа нәрсе көргісі келеді. Денсаулығым жақсы. Сол үшін мен қазір карьерамды аяқтау туралы ойланып жүрген жоқпын. 

Жәй ғана жаттығу мен жоғары деңгейде өнер көрсету - екеуі екі нәрсе. Мен үнемі жаттығып, өзімді қалыпта ұстаймын. Жаттығусыз депрессияға түсіп кетемін. Ылғи бір нәрсе істеп жүру керекпін. Бассейн, велоспорт немесе жүгіру. Бұл мен өмірімнің бір бөлігі. Бірақ жекпе-жекке сен үнемі бабыңда бола алмайсың. Қиын нәрсе. Мен бабымды жоғалтқанымды түсінген күні спорттан кетемін", - деп келтіреді Хабибтің сөзін Sport24. 

Айта кетейік,  қазан күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" UFC 254 тунирі өтеді. Бұл турнирдің басты кездесуінде Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи кездеседі. Ресейлік спортшы қазір дайындыңын БАӘ өткізіп жатыр. 

Бұл жекпе-жек кешінде қазақстандық спортшылар Сергей Морозов пен Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді.