Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов UFC 269 турнирінде америкалық Дастин Порьені жеңген бразилиялық Чарльз Оливейраны құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Лас-Вегас қаласында өткен бұл кездесу үшінші раундта аяқталды. Оливейра Порьені қылқындыру әдісімен жеңді.
"Құттықтаймын, чемпион. Сен бұған лайықсың", - деп жазды Нурмагомедов "Твиттер" парақшасында.
My congratulations Champ, you deserve this ? ??
— khabib nurmagomedov (@TeamKhabib) December 12, 2021
Еске салайық, бұл жекпе-жек кешінде Аманда Нуньес күтпеген жерден жеңіліп қалды.
Жарнама