UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келетінін құлақдар етті, деп хабарлайды Vesti.kz. Белгілі файтер Ақтау қаласында турнир өткізбек.
16 шілде Қазақстанда аралас жекпе-жектен турнир өтеді, ал оны ұйымдастырушылардың бірі Нурмагомедовке тиесілі лига екен.
"Саламалейкум, Қазақстан! Біз сіздерге қайтадан қонаққа келеміз. Осы жолы Каспий жағалауында Eagle FC және Naiza FC бірігіп, 16 шілдеде турнир өткізеді.
Жақында көрісеміз. Қызық көп болады. Бір-екі титулды айқас. Бәріне сәттілік пен денсаулық тілеймін", - дейді Хабиб.