Единоборства
17 сәуір 09:56
 

Хабиб чемпиондық айқас алдында Рахмоновты ескертіп қойды

  Пікірлер

blog.share

Хабиб чемпиондық айқас алдында Рахмоновты ескертіп қойды Коллаж: FightTime

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жартылай орта салмақтағы жағдайға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жартылай орта салмақтағы жағдайға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шавкат қауіпті үмітукер

36 жастағы дағыстандық қазіргі чемпион - америкалық Белал Мухаммадқа (24-3) басты қарсылас болып отырған файтерлерге бағасын берді. Олардың арасында ол аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) мен қазақстандық Шавкат "Номад" Рахмоновты (19-0) ерекше атап өтті. 

"Шавкат өте мықты. Маддалена өте мықты. Осы екеуі Белал үшін ең қауіпті қарсыластар деп ойлаймын. 

Бірақ Белалды оңай жеңіле салады деуге болмайды. Кейінгі рет қашан жеңіліп еді? Одан бері қанша өтті ғой. Ал қазір жеңіс сериясы өте салмақты. Белалады орнынан тайдыру қиын. Егер Маддалена немесе Шавкат уақытынан бұрын жеңбесе, Белал 25 минут бойы алға басады. 

Ол өзінікін жасайды. Өйткені онда мынадай стиль бар: ол әрдайым алға ғана жүреді, ұрады, күреседі, ұрады, белдеседі. Жартылай орта салмақта Белаладың шыдамдылығы ең жоғары деңгейде, ол нақты. Тіпті UFC-дегі ең мықтылардың бірі, топ-5 тізімге кіретіні анық", - дейді Хабиб Адам Зубайраевқа берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!