Единоборства
16 шілде 2020 16:53

"Гүрт ете қалды". Файтер қыз UFC Fight Night турнирінде қарсыласының қолын сындырып жіберді

Сурет: sovsport.ru
UFC-де өнер көрсететін грузиялық файтер қыз Лиана Джоджуа UFC Fight Night турнирінде румыниялық Диана Белбитадан басым түсті.

Абу-Дабидегі Жауынгерлер аралында өткен жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Джоджуа қарсыласының қолын ауырту әдісіне салып жеңіске жетті. 

Кейін ол Белбитаның қолы сынып кеткенін айтып берді. "Аяғымды екінші рет лақтырғанда, қолының гүрт ете қалғанын естідім, сынып кетті, ол айқайлай бастады", - деп береді Джоджуаның сөзін  "Чемпионат.com".