Единоборства
6 қараша 2021 13:14

"Гонд*н қызметке отырады да...". Қуат Хамитов қазақ боксшылардың сыйақысына ашулы

©instagram.com/kuat__khamitov

ММА шебері Қуат "Найман" Хамитов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионаты жүлдегерлеріне тағайындалған сыйақы мөлшеріне наразылық білдіріп, ел президентімен кездесуге бел буды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл қорлау! Адамдар әлем чемпионы болу үшін 10-15 жылын жұмсайды, елінің атын шығару үшін, ал бұлар спортшыларға Украинадан әкелген жезөкшелердей қарайды!

Сондай әділетті болсаңдар, неге бір сондай топас Гонд*н қызметке отырып, бір жылдан кейін миллионер болып шығады?! Неге бір шенді көпір сала бастайды да жоқ болып кетеді, ал мемлекет осыған қарап сүмірейіп отырады?!

Спортқа жаңа заңдар керек деп ойлаймын! Мұндай сыйақыдан кейін балаларын кім спортқа береді?! Қай ата-ана баласын спорттан кейін ешкімге керексіз, тіпті жарым-жан болып қалғанын қалайды?!

Намыс қайда?

Тоқаев мырза, мұны өзгерту керек!!! Бүкіл спорт қауымы атынан мен сізбен кездесіп, осы мәселені талқылауға дайынмын!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport