Ресейлік файтердің өзі де бокспен шұғылданып, спорт шеберіне дейін жеткен екен. Алайда бокста биіктен көріне алмады.
"Бокс ұнайды, бірақ, пандемия кезінде ешқандай турнир болмады. Геннадий Головкин, "Канело", Василий Ломаченко, Александра Усиктің жекпе-жектерін көремін, сонымен қоса, біздің ресейлік боксшылардың да өнерін тамашалаймын. Ең мықты боксшы Ломаченко деп санаймын", - дейді Ян.
Ян UFC 241 турнирінде бразилиялық Жозе Альдоны нокаутпен жеңіп, бос болған чемпион белбеуін иеленді. Жекпе-жек алдында ресейлікке Головкин қолдау білдірген еді.