Жеңіл салмақтағы америкалық файтер Тони Фергюсон бразилиялық Чарльз Оливейрадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек Лас-Вегаста өткен UFC 256 турнирінің басты кездесуі болды. Үш раунд толық өткен жекпе-жекте Оливейра бастан-аяқ басымдық көрсетіп, төрешілер шешімімен жеңді.
Бұл Фергюсон үшін мамырда отандасы Джастин Гэтжиден жеңілгеннен кейінгі бірінші жекпе-жегі.