Единоборства
9 қазан 2019 12:10

"Германиядағы бешбармақ...". UFC файтері қазақтардың қолдау білдіруі жайлы

© fighttime.ru
Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов Қытайда өткен UFC Fight Night 157 турнирінде алған жарақатын емдеп жатыр, - деп хабарлайды "Орен.ру".

Қыркүйекте файтер Мюнхенде ота жасатқан еді. Ысмағұловтың буын аралығы мен шеміршегі жыртылған. Мұндай жарақат әдетте жарты жылдан сегіз айға дейін емделеді.

"Әзірге көп қозғалмауға тырысамын. Германиядағы реабилитологтар айтқан жаттығуларды жасап жатырмын. Бәрі артта. Бастысы - дұрыс реабилитация мен қалыпқа келу. Германияда тағы бір қызық оқиға болды. Мен мүлде танымайтын отбасы келді, кішкентайлары бар, мен сонда жатқанымды біліп, жүз шақырымдай жерден келіпті. Жігіт Саратовтан, ал қыз Алматыдан. Қолдың тамағын алып келіпті, бешбармақ. Әрине, көңіліп көтеріліп қалды! олармен әлі де араласып тұрамын, ол үшін рахмет! Қазір қолдау білдіріп жатқандардың барлығына алғысымды айтамын! Мен үшін бұл маңызды!", - дейді Ысмағұлов.