MMA
4 маусым 2021 15:10

Флойд Мейвезер Конор МакГрегормен екінші рет кездесуге келісім берді

Сурет: Showtime©

Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер UFC жұлдызы Конор МакГрегормен екінші рет кездесуге келісім берді, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. 

"Әрине келісемін. Ол мен үшін оңай қарсылас", - деп жауап берлі Флойд жанкүйер қойған сұраққа. 

Еске салайық, 7 маусым күні Мейвезер YouTube жұлдызы Логан Полмен кездесу өткізеді. Жекпе-жек Майами қаласындағы Hard Rock Stadium стадионында өтеді. Жекпе-жек бокс ережесі бойынша сегіз раундқа жоспарланған. 

2017 жылдың тамызында Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор бокс ережесі бойынша кездескен болатын. Ол кездесуде америкалық қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.