43 жастағы Мейвезер Конормен екінші рет кездесуге дайын. Тіпті ол Хабиб Нурмагомедовпен де жекпе-жек өткізуге қарсы емес. Бірақ бұл кездесу үшін боксшы 300 миллион доллар талап етіп отыр.
"Конордың соққысы әлсіз. Ол мүлде ұра алмайды. Онымен кездесу өткізу мен үшін қызық болды. Мен ауыр соққы өткізбедім. Әлі де бабымдамын. Бірақ шаршы алаңға шығып, денсаулығымды құртудың қажеті қанша?
Дәл қазір мен жекпе-жекке шақыратын лайықты боксшы жоқ. МакГрегор мықты болды. Бірақ онымен тағы да 150 миллион үшін кездесу өткізбеймін. Ол мен үшін аз. Маған 300 миллион доллар беріңіздер. Сол кезде басқаша сөйлесеміз.
Мен талап етіп отырған ақша берсе тіпті Хабибпен де кездесуге дайынмын", - дейді Мейвезер.
Айта кетейік, жуырда МакГрегор бокс ережесі бойынша тағы бір кездесу өткізетінін хабарлады. Бұл жолы ол филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяомен кездеспекші.