Белгілі ресейлік ММА шебері, самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Федеор Емельяненко спорттық карьерасында кездескен ең ақылды қарсыласын атады.
"Жекпе-жекте шахматтағыдай ойлануың керек. Қарсыласыңның іс-әрекетіне сенің де жауабың дайын болуы тиіс. Ақылды қарсыласпен айқасқан қызық. Менімен кездескендердің арасындағы ең ақылдысы – Антониу Родриду Ногейра. Алғашқы айқастың алдында біздің салмақтағы ең мықты деген спортшылардың барлығын жеңген еді. Тіпті екеуміздің арамызда ол фаворит болды", - дейді атақты спортшы.
Еске салайық, Федеор Емельяненко мен бразилиялық Антониу Родригу Ногейра октагонда екі рет кездесіп, оның екеуінде де ресейліктің мерейі үстем болды.