Единоборства
14 ақпан 2017 12:45
 

Федор Емельяненко карьерасын аяқтайтынын хабарлады

  Пікірлер

blog.share

Федор Емельяненко карьерасын аяқтайтынын хабарлады ©aif.ru

Аралас жекпе-жек жұлдызы Федор Емельяненко Bellator ұйымымен келісімшарты аяқталғаннан кейін спортан кетпек, - деп хабарлайды MmaMania.

"Bellator-дағы мансап жолын аяқтағым келеді. Келісімшартқа сәйкес міндетімді атқарамын. Мен үшін адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу маңызды, мен Скотт Кокермен (ұйым басшысы) арадағы қатынасымызды жоғары бағалаймын", - дейді спортшы.

Өзінің жекпе-жек әлеміне қайта оралатыны туралы спортшы 2015 жылдың 14 шілдесінде мәлімдеген болатын. Ал былтыр қарашада 40 жастағы ресейлік жекпе-жек шебері Bellator ұйымымен бірнеше кездесу өткізу туралы келісімшартқа қол қойған. Емельяненконың келесіжекпе-жегі 16 ақпанда америкалық Мэтт Митрионмен болады.

"Соңғы император" атанған атақты спортшы жалпы 40 жекпе-жек өткізген. 35 кездесуде жеңіске жетіп, төрт рет ұтылды және бір жекпе-жек дәрігерлер шешімімен тоқтатылған болатын.

blog.share
Аралас жекпе-жек жұлдызы Федор Емельяненко Bellator ұйымымен келісімшарты аяқталғаннан кейін спортан кетпек, - деп хабарлайды
mmamania.
com/">MmaMania
.


"Bellator-дағы мансап жолын аяқтағым келеді.
Келісімшартқа сәйкес міндетімді атқарамын.
Мен үшін адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу маңызды, мен Скотт Кокермен (ұйым басшысы) арадағы қатынасымызды жоғары бағалаймын", - дейді спортшы.


Өзінің жекпе-жек әлеміне қайта оралатыны туралы спортшы 2015 жылдың 14 шілдесінде мәлімдеген болатын.
Ал былтыр қарашада 40 жастағы ресейлік жекпе-жек шебері Bellator ұйымымен бірнеше кездесу өткізу туралы келісімшартқа қол қойған.
Емельяненконың келесіжекпе-жегі 16 ақпанда америкалық Мэтт Митрионмен болады.


"Соңғы император" атанған атақты спортшы жалпы 40 жекпе-жек өткізген.
35 кездесуде жеңіске жетіп, төрт рет ұтылды және бір жекпе-жек дәрігерлер шешімімен тоқтатылған болатын.

Жарнама

Живи спортом!