MMA
23 мамыр 2017 16:48
 
Файтер кез келген тұрыстан соққы жасай алу керек - Арман Оспанов

  Пікірлер

blog.share

Файтер кез келген тұрыстан соққы жасай алу керек - Арман Оспанов © kazsporttv.kz

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ACB 61 турнирінде жапон қарсыласы Таичи Накаджиманы (12-7-1 MMA; 2-1 ACB) екінші раундта нокаутқа түсіргеннен кейін турнирдің үздік нокауты үшін қосымша сыйақы алды.

Оспанов жекпе-жектен кейін Вестник ММА арнасына берген сұхбатында айналып телу әдісін әбден жетілдіргенін айтты.

 "Спортшы рингте кез келген қалыптан соққы жасауға дайын болу керек, әлем чемпионы болсаң да, Олимпиада чемпионы болсаң да жетіле беруің керек. Мен үйде әрдайым айналып теуіп жаттығам, бұл менің қолданапы жүрген әдісім", - деді ол.

Оспанов дәл осындай нокаутпен жеңуді жоспарламағанын айтады. "Екінші раундта қарсыласыма тосынсый жасап көрдім, сөйтіп, дәл жағына тиді", - деді файтер.

Сонымен қатар, Арман Оспанов жанкүйерлердің қолдауы медет беретінін және отбасын асырау міндеті еңбектенуге шабыт сыйлайтынын айтты. Сондықтан да ол алдағы уақытта сәл демалып, отбасына уақыт бөліп, ораза ұстайтынын айтты.

Жарнама

Живи спортом!