MMA
25 шілде 2022 10:19
 

Файтер бір жекпе-жекте UFC рекордын орнатты

  Пікірлер

blog.share

Файтер бір жекпе-жекте UFC рекордын орнатты © Instagram

UFC-де өнер көрсететін өте жеңіл салмақтағы британиялық Мухаммад Мокаев бір жекпе-жектегі тейкдаундар саны бойынша промоушен рекордын орнатты.

blog.share

UFC-де өнер көрсететін өте жеңіл салмақтағы британиялық Мухаммад Мокаев бір жекпе-жектегі тейкдаундар саны бойынша промоушен рекордын орнатты.

Америкалық Чарльз Джонсонмен жекпе-жекте тегі дағыстандық Мухаммад 12 тейкдаун жасады.

"UFC тарихында өте жеңіл салмақтағы ең көп тейкдаун! Тарихты асықпай жазып жатырмын", - депті Мокаев твиттерде. 

Еске салайық, Мокаев пен Джонсон жекпе-жегі толық үш раунд өтіп, төрешілер 30:27, 30:27, 30:27 есебімен жеңісті британиялыққа берді. Мокаев UFC-дегі екінші айқасында екінші рет жеңді, Сонымен қоса, ол жалпы ММА-дегі тоғыз жекпе-жегінде сегіз рет жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!