Единоборства
18 ақпан 2022 10:23
 

"Ештеңе деген жоқ, ата бастады". Алты оқ тиген қазақ спортшы мән-жайды айтып берді

  Пікірлер

blog.share

"Ештеңе деген жоқ, ата бастады". Алты оқ тиген қазақ спортшы мән-жайды айтып берді ©Instagram

"Қазақ" лақап атымен танымал ММА файтері Бағдат Дүйсембаев Мәскеу орталығында болған жанжалдың жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН-ТВ арнасына сілтеме жасап.

blog.share

"Қазақ" лақап атымен танымал ММА файтері Бағдат Дүйсембаев Мәскеу орталығында болған жанжалдың жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН-ТВ арнасына сілтеме жасап.

30 жастағы спортшының айтуынша, ол 17 ақпанда таңертең достарымен Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға келген. Бұған дейін оларға жеңілдік берілетіні айтылған екен. Автотұрақта Дүйсембаев пен оның достарына күзетшілер келіп, көлікті бес минутта алып тастауы керек екенін, себебі бұл кедергі келтіретінін айтқан.

 Алайда абонемент сатуы тиіс орталық қызметкерлері кешіккен, ал күзетшілер Дүйсембаевтың айтуынша, тағы келіп аумақтан кетуді дөрекі түрде талап ете бастаған.

"Мен ашуланып, бір-біріміздің миымызды қатырмай-ақ қояйық деп айттым. Ол кетіп қалды. Бес минуттан кейін ол бір жерге кіріп, қайтып шықты... Тапанша алып шығып оқтай бастады", - деді файтер.
"Қазақ" ешкім ешкімді қорқытпағандықтан, күзетші оқ жаудырады деп ойламағанын мойындады.

"Мұндайды көп көрсетеді ғой, қорқытады, аспанға оқ атады. Солай қорқытады деп ойладым. Ештеңе сұрамады, ештеңе айтпады. Сосын оқ жаудыра бастады", - деді файтер.

Айта кетейік, 16 ақпанда қазақстандық ММА файтері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атқаны хабарланған болатын. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!