Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өткен Octagon 27 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еркебұлан өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Айта кетейік, спортшылар салмақ өлшеу кезінде төбелесіп қалған болатын.
Бұл қазақ спортшының ММА-де өткізген төрт жекпе-жектегі үшінші жеңісі. Еркебұлан карьерасында жалғыз рет осы Сотволдиевтен 2021 жылы Octagon турнирінде жеңілген - қазақстандық қылқындыру әдісіне түсіп қалған еді.
Еркебұлан Тоқтар актер екенін айта кетейік. 2011 жылдан бастап массовкада ойнай бастады. Ал 2017 жылы ZOR фильмінде бас кейіпкердің рөлін сомдады.