MMA
20 желтоқсан 16:55

Ерегіскен адамның бет сүйегін ұрып сындырған. Атақты спортшының інісі сотталды

©

Атақты Федор мен Александр Емельяненколардың інісі Иван Емельяненко адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін түрмеге отырады.

"Старый Оскол қалалық соты Иванды бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ол мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтейді. Біз үкімнің қайта қарауын сұраймыз", - дейді адвокат. 

Оқиға Иван мен оның отбасын балағаттаған ер адаммен болған екен. Емельяненко оны сол қолымен бірнеше рет бетінен ұрады да, бет сүйегін сындырып жібереді. Иван өз кінәсін мойындап, қарсыласын олай ауыр жарақаттағысы келмегенін айтыпты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport