Единоборства
28 қараша 2021 11:59

"Енді қазақпен шықпаймын". NFC чемпионы нокаутпен жеңістен кейін мәлімдеме жасады

©instagram.com/naiza.mma

Қазақстандық файтер Николай Самусев орташа жеңіл салмақтағы NFC чемпионы титулын қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz

Алматыдағы ММА турнирінде ол жерлесі Райымбек Орынбайды нокаутқа түсірді. Самусев жекпе-жектен кейін, белбеуге тағы да қазақ үміткер болса, титулды жұдырықтаспай бере салатынын айтты.

"Ассаламуалейкум, Қазақ елі! Мен - қазақпын. Менталды тұрғыда - қазақпын! Мен осы жерде дүниеге келдім. Енді қазақтармен айқаспайтынымды айтқым келеді. Біреу үміткер болса, белбеуімді қалдырамын. Сол үшін маған басқа файтерлерді беріңдер, жарай ма?"- деді Самусев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport