UFC-дің екі салмақта бұрынғы чемпионы Конор Макергор бокстан әлемнің экс-абсолют чемпионы Мұхамед Әлиге қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қандай керемет сурет! Соққы жасап тұрған сәтіндегі қолының бұлшық етіне қараңыздаршы. Мұхамед Әли – нағыз аңыз адам және менің кумирім. Әлемдегі ең ұлы спортшы", - деп жазады Макгрегор өзінің твиттер парақшасында.
Еске салайық, ирландиялық ММА шебері қазіргі таңда ауыр жарақатынан сауығып, жаттығуға кірісіп кетті. Конор UFC 264 турнирінде аяғын ауыртып алған болатын. Ол жарыста Макрегор америкалық Дастин Порьеден жеңілген еді.