Аралас жекпе-жек өнерінің шебері Александр Емельяненко Мексикада күзетшілерден таяқ жеген экс-спортшы Олег Тактаровқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Бұл туралы естімеппін. Десе де жолы болмаған екен. Мексиканың тек өзіне тән заңдары бар. Ол жақта кез-келген жағдай орын алуы мүмкін. Менің өмірімде ондай оқыс жағдай болмапты. Айналамдағылармен жақсы қарым-қатынаста жүргенді қалаймын. Тактаровтың орнында болсам, оқиғаға байланысты шешім қабылдар едім", - дейді Емельяненко "ВсеПроСпорт" басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Ресейден шыққан UFC промоушнының алғашқы чемпионы Олег Тактаров Мексикада күзетшімен сөзге келіп қалған қызға араша боламын деп таяқтың астында қалған болатын.