Единоборства
28 қаңтар 2021 10:44
 

"Елімнің намысын қорғаймын". Қуат Хамитов үкім алдында соттағы соңғы сөзін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Елімнің намысын қорғаймын". Қуат Хамитов үкім алдында соттағы соңғы сөзін айтты Сурет: Fight Nights

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Қылмыстық істі Алмалы аудандық соты қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

blog.share

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Қылмыстық істі Алмалы аудандық соты қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қандай жаза тағайындалса да маған шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын, себебі мен елімнің намысын қорғаймын", - деді Қуат Хамитов. 

Бұған дейін Хамитовке қатысты сот отырысы 18 қаңтарда өткен болатын. 

"Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі - "Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын. Ал 20 қаңтарда Қуат Хамитов Интернетке қосыла алмай, сот отырысы кейінге қалған еді. 

Жарнама

Живи спортом!