Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Абу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде Жалғас швециялық Амир Альбазиден (14-1) төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңеілді.
"Барлығы біліп отырғандай, менің #UFC257 жекпе-жегіндегі екінші жекпе-жегім нәтижесіз болды. Мені осы күнге дейін қолдайтын және маған сенетіндердің барлығына, қолдау білдіріп, жазғандарға сіздің үміттеріңізді ақтамағаныма қарамастан, алғыс айтамын. Мені сынаушыларға да рахмет айтамын, бұл сіздің ойыңыз бен эмоцияңызды білдіру - сіздің құқығыңыз. Мүмкін мен өзіме тым көп тапсырған шығармын, және мұндай ұйымда менің елімнің атынан сөйлеу, өте үлкен жауапкершілік. Мен өз елімнің туын биікке көтере алмағаныма өкінемін. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым, бар күшімді бердім, халқымның алдында шын ниетіммен жасадым, бірақ бәрі мен қалағандай болмады. Демек, бұл АЛЛА Тағаланың тағдыры болғаны.