Егембердиев АСА чемпиондығы үшін айқастағы нокауттан кейін сегіз бұрышқа қайта оралады

Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық спортшы Евгений Егембердиев (12-4) сегіз бұрышқа оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық спортшы Евгений Егембердиев (12-4) сегіз бұрышқа оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол бразилиялық Карлос Эдуардомен (18-9) жұдырықтасады. Жекпе-жек 17 желтоқсан Краснодардағы АСА 134 турнирінде өтеді.
"Екі файтер де тамаша айқасады және кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтағанды ұнатады. Бұл нағыз текетірес болады", - делінген АСА құлақтандыруында.
Еске салайық, шілдедегі АСА чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Егембердиев нокаутпен жеңілген еді.
Жарнама