MMA
21 қаңтар 15:32
 

Двалишвили Нурмагомедовпен жекпе-жек алдында комиссия мүшесін алдаған

  Пікірлер

blog.share

Двалишвили Нурмагомедовпен жекпе-жек алдында комиссия мүшесін алдаған ©fightnews.info

Өте жеңіл салмақта UFC чемпионы Мераб Двалишвили дағыстандық Умар Нурмагомедовпен жекпе-жек алдында Калифорния штатының атлетикалық комиссиясын алдаған екен. 

blog.share

Өте жеңіл салмақта UFC чемпионы Мераб Двалишвили дағыстандық Умар Нурмагомедовпен жекпе-жек алдында Калифорния штатының атлетикалық комиссиясын алдаған екен. 

Бұл туралы спортшының өзі айтып берді. 

Мерабтың сөзінше, медициналық тексеріс кезінде ол аяғын жырып алғанын жасырыпты.

"Калифорнияда комиссия өте қатал. Бейсенбі күні олар денемді толық тексерді. Мен шалбар киіп тұрғанмын, комиссия ішіндегі бір жігіт балағымды көтеруді сұрады. Шалбарымның сол жағын түрдім, ол бірдеңе деп сөйлеп жатты. Сосын ол маған екінші аяғымды көрсетуді сұрады, ол сөйлеп отырып менің қайтадан сол жақ балағымды көтергенімді аңдамай қалды", - дейді Двалишвили белгілі инсайдер Ариэль Хельванидің подкастында. 

Еске салайық, Двалишвили Лос-Анджелесте өткен UFC 311 турнирінде Нурмагомедовті төрешілер шешімімен жеңді. 

UFC титулын алғаш қорғаған Двалишвили карьерасында 19-рет жеңіске жетіп отыр, сонымен бірге, ол төрт рет жеңілген. Ал Умар карьерасында алғаш жеңілді. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!