Единоборства
14 қазан 2021 10:06
 

"Джипке отырғызып, разборкаға алып кетті". Ресейлік режиссер Хабибпен жанжал туралы

  Пікірлер

blog.share

"Джипке отырғызып, разборкаға алып кетті". Ресейлік режиссер Хабибпен жанжал туралы ©Sportbox

Ресейлік режиссер Егор Климович Дағыстан туралы деректі фильм түсіру кезінде UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтың қатысуымен болған келеңсіз жайтты еске алды. Оқиға Климовичтің белгілі спортшы Олег Тактаровпен Дағыстанға сапары кезінде болған, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

blog.share

Ресейлік режиссер Егор Климович Дағыстан туралы деректі фильм түсіру кезінде UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтың қатысуымен болған келеңсіз жайтты еске алды. Оқиға Климовичтің белгілі спортшы Олег Тактаровпен Дағыстанға сапары кезінде болған, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

"Біз Дағыстанда барғанда келеңсіз жағдай болды: олар менің Конормен түскен суреттерімді тауып алыпты. Енді мен онымен қызметім бойынша таныспын, 90-шы жылдардағы UFC туралы деректі фильм түсіріп жатқанмын. Екі талантты спортшының кездесуін түсіру үшін Дағыстанға барғанмын, алайда, екінші күні жайсыз жағдай болды. Бізді бөліп, Олег Тактаровты сый-құрмет көрсетуге, ал мені Хабиб достарымен джипке отырғызды да, разборкаға алып кетті. Қысым көрсетіп, "мұнда не істеп жүрсің?" деп. Сосын біз түсірген материалды өшіре бастады. Техниканы тартып алды. 

Мұны жария еткіміз келмеді, өйткені жайсыз тақырып. Бұл әрекеттің дағыстандық тамаша халықтың дәстүріне енген қонақжайлыққа еш қатысы жоқ. Жауың келсе де лайықты қарсы алу керек. Ал біз дос ретінде келіп, бұл сапарды Тактаров пен Хабиб қатынасының жаңа үрдісі ретінде қарастырған едік", - деп береді Климовичтің сөзін Sportbox.ru.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!