Ауыр салмақта UFC жауынгері Деррик Льюис ресейлік Алексей Олейниктің тамағына не себепті түкіргенін айтты.
Аталмыш оқиға қос алыптың арасындағы кездесу алдында болған.
"Оның тамағына не себепті түкірдім дейсіз бе? Себебі Алексейдің жеңілгенін қаладым. Оған қарсы жан-жақты қысым көрсетуім керек болды. Сондықтан осындай қадамға бардым", - дейді Льюис.
Еске салайық, Олейник пен Льюис 2020 жылы октагонда айқасып, америкалық ММА шебері екінші раундтың басында нокаутпен жеңіске жетті.
Осы аптада америкалық спортшы UFC промоушнындағы кезекті кездесуін Крис Докосқа қарсы өткізеді.