"Дайынмын!" Қуат Хамитов жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Аралас жекпе-жекте (ММА) өнер көрсететін қазақ файтер Қуат Хамитов (24-6) кезекті айқасы алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аралас жекпе-жекте (ММА) өнер көрсететін қазақ файтер Қуат Хамитов (24-6) кезекті айқасы алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Менің Тайландтағы үш айлық оқу-жаттығуым аяқталды. Бүгін бізде соңғы спарринг өтті, салмақ жинап, жекпе-жекке шығу қалды! Жылы қарсы алу мен жақсы дайындық үшін Саят Әбдірахманов және Tiger Muay Thai клубына рақмет!", - деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Бұған дейін Хамитов келесі жекпе-жегінде ресейлік файтер Акоп Степанянмен (27-12) жұдырықтасатынын мәлімдеген болатын. Жекпе-жек 16 наурызда Атырауда Mergen FC промоутерлік турнирінде өтуі керек.
Жарнама