Аралас жекпе-жек файтері қазақстандық Дамир Ысмағұлов UFC-пен жаңа келісімшарт жасасты. Оның келесі жекпе-жегі 15 мамырда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол Хьюстонда UFC 262 турниріне қатысады, ал оның қарсыласы 29 жастағы бразилиялық Рафаэл Алвес.
30 жастағы Ысмағұлов 2019 жылдың тамызынан бастап жарақат салдарынан октогонға шықпады.
Оның соңғы жекпе-жегі Қытайдағы UFC Fight Night 157 турнирінде өткен. Онда Дамир төрешілер шешімімен бразилиялық Тиаго Мойзесті жеңді. Промоушенде Дамир үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Айта кетейік, жақында Исмағұлов UFС-пен жаңа келісімшартқа қол қойды. Кейінірек Исмагулов Instagram-парақшасында алдағы жекпе-жектің егжей-тегжейімен бөлісіп, қарсыласының атын табуды ұсынды. Спортшы жеңімпаз менеджері Саят Абдрахмановтан мың теңге ұтып алады деп қалжыңдаған еді.