"Қалағанымның бәріне жеттім. Келесі қадамға дайын сияқтымын - таланттарды іздеп, жас қыздарға жәрдемдесуге, мүмкін бапкерлікпен айналысуға. Қазір демалысқа шыға беретіндей, қалуға да болатындай уақыт. Дивизиондарда дәлелдейтін ештеңе қалмады. Даңқ Залына атым жазылады. Өмір жалғасуда, егер қазір тоқтату туралы шешім қабылдасам, UFC қолдау білдіріп, жұмыссыз қалдырмайды", - дейді Нуньес.
UFC 250 турнирінде өткен кейінгі жекпе-жегінде Нуньес төрешілер шешімімен Фелицию Спенсерді жеңді. Осылайша, жартылай ауыр салмақтағы титулын қорғап қалды. Айта кетейік, бразилиялық чемпион жартылай жеңіл және өте жеңіл салмақта өнер көрсетеді.