Единоборства
17 сәуір 2022 11:26

Дағыстандық спортшының UFC-дегі алғашқы айқасы даумен аяқталды

©UFC

Ресейлік файтер Гаджи Омаргаджиев UFC-дегі алғашқы айқасында бразилиялық Кайо Борральодан жеңілді, деп хабарлайды "Чемпионат".

Жекпе-жек UFC Vegas 51 турнирінде өтті. Борральо тыйым салынған соққы жасағанымен жеңіске жетті.

Үшінші раунд соңында бразилиялық қарсыласының қолы канвасқа тиіп тұрғанына қарамастан тіземен соққы жасады. Төреші фол есептеп, бразилиялықтан бір ұпай шегерді. 

Ал ресейлік жекпе-жекті жалғастыра алмай қалғанда, кездесу тоқтатылып, төреші Борральоның соққысын "абайсызда болған фол" деп тіркеді. Осылайша, бразилиялық төрешілердің техникалық шешімімен жеңді - 29:27.

Айта кетейік, бұл екі спортшының UFC-дегі дебюті болды. Омаргаджиев карьерасында бірінші рет жеңілді. Осыған дейін ол ММА-де 11 айқастың бәрінде жеңіске жетті. Борральо 11 кездесуде жеңіп, біреуінде жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport