Ресейлік Гамзат Хирамагомедов Дәурен Ермековты Қазақстанда жанкүйерлерінің алдында құлатуға уәде берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек 16 шілде Naiza және Eagle FC промоушендері бірігіп Ақтауда өткізетін турнирде болады.
Спортшылар орта салмақтағы уақытша титул үшін таласады. Қарсыластар 2015 жылы ММА-ден әлем чемпионатының финалында кездескен болатын. Ол кезде Ермеков төрешілер шешімімен есе жіберген еді.